Америкада баласынан бас тартқан анасы қызымен 80 жылдан соң кездесті
АҚШ-та 1933 жылы баласынан бас тартқан әйел қызымен 80 жылдан кейін сөйлесті, деп жазады The Daily Mail. 83 жастағы Дориенн Хамманн 99 жастағы Эйлин Вагнерге телефон соғып: «Амансың ба, ана» деді.

Басылым жазып отырғандай, Висконсин штатының тұрғыны 16 жасында зорланып, жүкті болып қалған. Вагнер дүниеге қыз бала әкеліп, оны бала асыраушы отбасыға берді. Екі әйелдің кездесуіне Хамманның келіні көмектесті, ол бала асырап алу құжаттарын мұқият зерттеп, Вагнерді ғаламтор арқылы тауып алған.
Вагнер мен Хамманн телефон арқылы бірнеше рет сөйлесіп, ақыры 2016 жылдың сәуірінде жүздесті. Биологиялық ана қызына оның қалай дүниеге келгенін түсіндірді.
«Осыншама жасқа келіп, анамның бар екеніне әлі тірі екеніне сене алар емеспін», – деді Хамманн.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?