American Airlines әуе компаниясының бортсерігі балалы әйелді ұрып жіберді (видео)
American Airlines әуе компаниясы жолаушыға қол көтерген бортсерікті жұмыстан босатты.
Бұл туралы ABC хабарлайды.
Оқиға 21 сәуір күні Сан-Франциско – Даллас рейсіне отырғызу кезінде болған. Жолаушылардың бірі түсіріп алған видеосын желіге салған. Бейнежазбада ұрыс-керістің бастапқы кезі жоқ. Бірақ, автордың: “О, Құдайым! Стюард сондай қаталдықпен баласы бар әйелдің қоларбасын күштеп тартып алып, әйелдің өзін ұрып жіберді” деген сөзі бар.
Әйелді қорғауға ер адам орнынан көтерілген сәтте жанжал тіпті өрши түскен.
“Әй, маған да солай істеп көрші, сен жатып қалатын боласың”, – дейді ер адам. Ал бортсерік болса іске араласпа дегенді білдірген.
Кейінірек, әуе компаниясы жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, оқиғаға себепкер болған бортсерікті жұмыстан босатқандарын да хабарлай отыра, барлық жолаушыдан кешірім сұрайды.
Оқи отырыңыз:
Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізушіні жұмысынан қуды (фото)
Әйгерім есімді бойжеткен Франция астанасында қазақ мәдени орталығын ашқан (фото)
Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған