Аляскада шағын ұшақ апатқа ұшырады: 5 адам көз жұмды
7 ақпан күні Алясканың оңтүстік-шығысында қаланың шағын ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғаның салдарынан 5 адам қаза тапты.
"Ұшақта болған бір пилот пен төрт адам опат болды", - деп мәлімдеді АҚШ әскерилерінің өкілі Тим ДеСпейн.
Көз жұмғандардың кім екендігі аталмапты. Ұшақ Алясканың Вефил қаласының Кипнук ауылына бағыт алған.
Айтып өту керек, әуе кемесі белгіленген уақыттан кешігіп шығыпты. Ал жергілікті сағат бойынша 13:30-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 04:30) Тунтутуляк аймағына жақын жерде апатқа ұшыраған.
Ұшақ апатының себептері әлі анықталмапты. Америкалық БАҚ мәліметіне сәйкес ұшақта әскерлер болған. Жедел жасақ құрылып, тікұшақпен оқиға орынан жөнелтіліпті.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда