Альварес пен Головкиннің кездесуі қашан өтуі мүмкін екені белгілі болды
Сауль Альварестың промоутері боксшының қазақстандық Генадий Головкинмен қашан жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Головкиннің жоспарлаған шаршы алаңдағы кездесуі өтпейтін болғандықтан, 2017 жылдың ең үздік боксын өткізу мүмкіндігі бізге бұйырып тұр: «Канело» — Чавес, Джошуа — Кличко және потенциальды кездесу «Канело» — Головкин. Қыркүйектегі кездесу нағыз бокстың қайта келгенін дәлелдейтін болады. Бұл промоутер ретінде маған жүктелген міндет. Мен оны өткізетін боламын», – дейді Де ла Хойя.
Осы уақытқа дейін Том Леффлер Головкиннің шаршы алаңға тек қыркүйекте шығатынын айтқан-ды. Естеріңізге сала кетсек, Головкин Астанада өтетін кездесуін кейінге қалдырған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Қанат Ислам: Канеломен Головкиннен бұрын мен жекпе-жек өткізуім керек
Головкинмен деңгейлес тағы бір қазақстандық боксшы анықталды
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған