Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева Ақжарқын Тұрлыбайға қаржылай көмек көрсетті (видео)

Әнші Алтынай Жорабаева Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ата-анасына қаржылай көмек көрсетті. Ол Жетісай қаласында арнайы концерт беріп, одан түскен қаражатты Ақжарқынның ата-анасына табыстады.

алтынай акжаркын

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Ән кеші кеше, яғни 27 наурыз күні ОҚО-ның Жетісай қаласында өткен.

“Концерттен түскен қаражат Қытай әуежайында біреудің алдауына түсіп, есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбаеваның ата- анасына беріледі. Қыздарын бір көріп қайту үшін біраз қаражат керек екен. Алла разылығы үшін жария сауап. Үндемей өзім ғана сауап жинауыма болатын еді, бірақ сіздер де құры қалмаса екен деп ойладым. Әрине сауапты Алла береді, біздікі шынайы амал ғой”, – деп түсіндірді Алтынай.

Өз кезегінде Ақжарқынның ата-анасы Астанадан арнайы ат басын бұрып келген әншіге ризалышық білдіріп, ақ батасын берді.

Ақжарқын Тұрлыбаева сіңліміздің ата-анасына Алла сабыр берсін! Хайырын берсін !

Публикация от Алтынай Жорабаева (@zhorabayeva)


Жіберіп алмаңыз:

Әбдіжаппар Әлқожа далада қалғалы тұрған 8 балалы отбасына көмек көрсетті (видео)

Дарико Хасанғалиева мен Гүлзира Айдарбекова жұрттан алған ең бағалы сыйлықтарын көрсетті (фото)

Бүркіт әкесінің 80 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Димаш Құдайбергенов Азияның ең танымал әншісі атағын иеленді (фото, видео)

Талқылау