Altyn Bank-те басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

"Altyn Bank" АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 2 қыркүйегіндегі шешіміне сәйкес Чэнь Сяо мырза Altyn Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болып тағайындалды. 4 қыркүйектен бастап ол қызметіне кірісті.
Чэнь Сяо мырза Банктің негізгі акционері – China CITIC Bank Corporation Limited өкілі.
Бұған дейін Чэнь Сяо мырза Altyn Bank Корпоративтік бизнес блогының Басқарушы директоры қызметін атқарды.

Жаңа қызметінде ол Банктің корпоративтік бизнесін дамытуға және ірі компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуға жетекшілік етеді.
"Корпоративтік бизнес – Altyn Bank дамуының негізгі бағыттарының бірі. Чэнь Сяо мырзаның тәжірибесі, банк бизнесін терең түсінуі және China CITIC Bank-тің халықаралық тәжірибесін білуі осы бағыттың одан әрі дамуына ықпал етеді. Біздің басымдықтарымыздың қатарында корпоративтік клиенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейту, жаңа қаржылық шешімдерді енгізу және Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту бар", – деп атап өтті басқарма төрағасы Мұрат Байсынов.
Чэнь Сяо мырза Нанкин университетін "Информатика және технологиялар" мамандығы бойынша тәмамдаған. Қытайдың қаржы секторында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын China CITIC Bank Corporation Limited бас кеңсесінде бастаған. Әр жылдары CITIC тобының құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде CNCB (Hong Kong) Capital Limited Бас директорының орынбасары, сондай-ақ CNCB (Beijing) Equity Investment Fund Management Co., Ltd. Бас директоры қызметтерін атқарған.
ҚР ҚНРДА 15.07.2026 ж. № 1.1.949.136, 23.10.2024 ж. № 3.3.254/46 лицензиялары.
Жарнама құқығында
Қазақстанның өңірлері биыл қанша қарыз алды: Миллиардтар қайда жұмсалды?