Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алтыншысына дайынсың ба?”: Жүктілік тестін әлеуметтік желіде көрсеткен актер Ғалым Махамбетов пен әйелі сынға қалды

Актер, КВН ойыншыcы Ғалым Махамбетов тағы да әке атанбақ, деп хабарлайды Stan.kz агенттігі. 

Бұл туралы ол өзінің парақшасында әзіл-шыны аралас видеомен жеткізді. Жарнама түсіріп тұрған Ғалымға әйелі “алтыншысына дайынсың ба? Екі сызық шықты ғой” деп жүктілік тестін көрсетті. Актер “рас па?” деп таңқалып қуанышын жасырмады.

Ерлі-зайыптылардың қуанышына ортақтасып “құтты болсын” айтушылар да, арасында “бірге жатқандарыңды да салмадыңдар ма? Ұят жоқ болды ғой”, “өте ыңғайсыз боп бара жатқан жоқ па” деп сынаушылар да табылды. 

Актердің блогер әйелі Әсия да өз парақшасында балаларының арасында сауалнама жүргізді.

“Маманың ішінде бөпе бар екенін білесің бе? Кім күтесің?” деп сұрақ қойған балаларына актердің әйелі. Жұлдызды блогердің қызы қыз күтсе, ұлдары ұл күтетінін, болашақ бауырларына қамқор болатындарын айтты. Ал жүкті келіншек “ең бастысы аман болсын” деп пікір қалдырыпты. 

Естеріңізге сала кетейік, жұлдызды отбасының үш ұлы, екі қызы бар. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр