Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтын-Орданың экс-басшылары сауда орнын қайта қайтарып алмақшы – Заңгер 

Алматыдағы атышулы "Алтын Орда" базарының төңірегіндегі дау басылар емес. Қоғам белсенділері сәуір айында басшылық ауысқанымен, сауда орнында заң бұзушылықтар толастамай отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанда БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген заңгер Дәурен Ғабдул көрші елдерден келген топтар базарды өздігінше бөліп алып, билігін жүргізетінін айтады. Ондағы үнемі жазасыз қалатын ұрлық-қарлық пен қолдан жасалған қымбатшылыққа осы топтардың қатысы бар дейді ол. 

"Бұл шағын сауда орны емес, ірі логистикалық торап. Алматы, Алматы облысын қамтамасыз етіп отырған сауда орны. Бұл кем дегенде 3 миллион тұтынушысы бар стартегиялық нысан. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, бұл әрқайсымыздың үстеліміздегі нанымызға, жеп отырған етімізге дейін әсер етеді. Сондықтан "Алтын орданың" тағдыры әрқайсымызды алаңдатуы керек", – деді Дәурен Ғабдул. 

Заңгердің сөзінше, осыдан 3 ай бұрын келген жаңа қожайын базардың ортадағы адамдардың қатысуымен көтерілетін бағаларға қатысты былықтарын жоюға уәде еткен.

"Алтын орданың" бұрынғы құрылтайшыларының үстінен  2017 жылы базарды рейдерлік жолмен тартып алды деген арыз түскен болатын. Қазір сауда орынның экс басшылары бизнес ошағын қайтарып алмақшы. Сәуір айынан бастап Алтын Ордада баға төмендеді ме? Халық оны сезіне алды ма? Біз нені күттік? Базардың басшылығы ауысып, бәрі өзгереді, жалға алушылар жақсы өмір сүре бастайды, тауарлардың бағасы түседі деп ойладық. Қоғам арқылы тәртіп орнатуға міндеттіміз. Себебі, басшылықтың ауысқанының өзі үлкен күмән туғызады", – дейді заңгер. 

Саудагерлер тарапынан да көптеген шағым түсіп жатқан көрінеді. Олар "Алтын орданың" қазіргі қожайыны тиісті жұмыстарды жүргізе алмай жатқанын айтқан. Ал компанияда 95 пайыз үлесі бар астанадағы экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері Еркебұлан Хамзиннің құрылтайшылар құрамына қалай кіргені белгісіз дейді заңгер.

Заңсыздықтарды тізген Ғабдул бұл мәселелерге базардың қазіргі иелері жауап беріп, тәртіп орнатуға міндетті деп отыр.

Талқылау