Алматыдағы түнгі клубта есірткі табылды

Фото: Pixabay.com
Алматыдағы элиталық түнгі клубта есірткі саудасы тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері тергеу операциясы кезінде есірткі саудасын құрықтады.
Оқыңыз
"Сотқа дейінгі тергеу аясында Медеу ауданындағы элиталық түнгі клубтың қызметкері гашиш сатқаны үшін ұсталды", – деп мәлімдеді департамент.
Сондай-ақ мекемені тінту кезінде ұнтақ қалдықтары мен ақ зат салынған сыдырмалы пакет табылды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Еске салсақ, Ұлытау облысында есірткі тасымалдаған 5 адам ұсталды. Олардан 300 келіден астам марихуана табылды.
"Макияж жасаса, күйеулері де ажырата алмайды": Егіз ағайындыға тұрмысқа шыққан егіз қыздар өмірлері туралы айтты
Екі отбасы “біздің өміріміз басқаларға қызық көрінуі мүмкін, бірақ біз үшін бұл қалыпты жағдай” дейді
"101 раушан, көлік, телефон мен жеке мобилограф": Түлектердің бітіру кешінде алған қымбат сыйлықтары қазақстандықтардың талқысына түсті
Тұрғын: “Гүл беруден жарыс па? Жұрттан қалмасын деп, қарыз алып та жатқан шығар”