Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғындар жиі шағымданатын бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шықты

Алматыда көлік реформасы және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгін «Isuzu» маркалы жаңа автобустар №22 бағыт бойынша қызмет көрсете бастады.
Бұрындары Наурызбай ауданынан Орталық демалыс және мәдениет саябағына дейін баратын жылжымалы құрамның талапқа сай еместігіне, қозғалыс жиілігінің нашарлығына қатысты шағым көп түсетін.
Аталған бағыт бойынша 2017 жылғы «Isuzu» маркалы 11 автобус (1-і резервте) жолға шықты, жаңа автобустарды «БаТу travel компаниясы» ЖШС сатып алған. Автобустар төмен еденді, сыйымдылығы орташа, жылжымалы пандустармен жабдықталған.
Көлік реформасы аясында №70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттар бойынша жаңа автобустар жүре бастады. №77 бағыт қайта ашылды.
Жалпы, биыл Алматыда 388 автобус алуға қаржы бөлінді, олардың 165-і тиісті бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, қалған 233-і жыл аяғына дейін жолға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 91-і бағыттарда. Жыл аяғына дейін тағы 20 автобус жолға шығады, қалған 163 автобус 2018 жылдың бірінші тоқсанында келеді.

Тағы оқығыз:

2018 жылы дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болмайды

5 млн теңгені иесіне қайтарған қарағандылық полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

«Ангар маньягы» атанған қанішер 84 адамды өлтірген

Талқылау