Алматыда психикалық денсаулық орталығынан екі адам қашып кеткен: Полиция тұрғындарға үндеу жасады
Алматыда психикалық денсаулығына байланысты ем қабылдап жатқан екі адам іздестіріліп жатыр. Оларға полиция мен еріктілер іздеу салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында екі адамның психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткенін мәлімдеді.

Нелли Александровна Шахрай, 1989 жылы 24 маусымда туған. Биыл 16 сәуірде Бостандық ауданы Әбіш Кекiлбайұлы көшесі, 117А мекенжайында орналасқан Психикалық денсаулық орталығынан шығып кеткен.
Белгілері: бойы – 167 см, дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қара-қоңыр, арасында ақ шашы бар, шашы ұзын. Бетінде бөртпелер бар.
Ол кеткен кезде қою көк түсті велюр кофта, күлгін шалбар және көк түсті резеңке аяқ киім киген. Әйелдің адасып, бағдарынан жаңылуы мүмкін екені айтылды.
Ал Денис Сергеевич Антипин, 1991 жылы 7 қыркүйекте туған. Ол 13 мамыр күні таңертең Психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен.
Белгілері: бойы – 180 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа, қара-қоңыр және арасында ақ шашы бар, көзі қоңыр. Сол көзінің жанында меңі бар.
Ол қара түсті жилет, ақ футболка, қара шалбар және қара жаздық аяқ киім киген.
Алматы полициясы қала және облыс тұрғындарынан іздеудегі адамдардың суреті мен белгілеріне мұқият назар аударуды сұрады.
"Көшелерге, аулаларға, кіреберістерге, аялдамаларға, базарларға, вокзалдарға, қоғамдық көлікке және адам көп жиналатын басқа да орындарға назар аударыңыздар! Іздеудегі адамдарға ұқсайтын біреуді байқасаңыз, оны өз бетіңізше ұстауға немесе жанжалға түсуге тырыспаңыз. Ақпаратты бағдарда көрсетілген нөмірлерге немесе полицияға 102 арқылы хабарлаңыздар", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында әйел психикалық ауытқуы бар баланы асырап алып, ұрып-соғып келгені туралы жазған едік.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?