Ақмола облысында әйел психикалық ауытқуы бар баланы асырап алып, ұрып-соғып келген
Фото: depositphotos.com
Ақмола облысында асырап алған баласын ұрып-соққан әйелге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бурабай аудандық соты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған әйелге қатысты қылмыстық істі қарады.
Соттың мәліметінше, Щучинск қаласының тұрғыны С 2022 жылдың наурыз айында 2014 жылы туған, психикалық ауруы бар кәмелетке толмаған Ч-ны патронаттық тәрбиесіне алған. Алайда балаға қамқорлық жасап, тәрбиелеудің орнына, үнемі қол көтеріп, ұрып-соғып отырған.
Қазақстандық бала асырап алып, кейін оны өлтіріп жәрдемақысын алып отырған
Тоқаев Қазақстанда бала асырап алушыларға қойылатын талапты күшейтетін заңға қол қойды
2024 жылдың қазан айында айыпталушы С баланың аяғын темір кетпенмен ұрып, дене жарақатын салған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, баланың денесінен сызаттар, тыртық іздері секілді дене жарақаттары анықталған.
Сот үкімімен айыпталушы С-ға 80 АЕК (295 360 теңге) көлемінде айыппұл салынып, 2 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысуға және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге байланысты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.
Еске салсақ, бұған дейін қарағандылық отбасы балалар үйінен 6 баланы асырап алып, құлдыққа жеккені туралы жазған едік.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
