Екі әйел марқұм екеуіне де опасыздық жасағанын біліп, жерлеу рәсімінде төбелесті

Видеодан скриншот
Мексикада екі әйел жерлеу рәсімінде марқұмның екеуімен де жасырын кездесіп жүргенін біліп, сол жерде төбелес шығарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Веракрус штатында болған. Жерлеу рәсімі кезінде аза тұтушылардың бірі ер адамның табытының алдында тізерлеп отырып "Мен сені сүйемін, сені сағынамын" деп сыбырлаған. Сол сәтте басқа бір әйел оған шабуыл жасап, айқайлап, кім екенін сұрай бастады.
Марқұмның оларға опасыздық жасағанын білген мексикалық әйелдер табыттың екі жағында тұрып, бір-бірімен төбелесіп кетті. Төбелес кезінде гүлдер шашылып, табыттың қақпағын құлатып жібере жаздаған.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде 150 000-нан астам қаралым жинады. Пікір қалдырушылар ер адамғашықтарына шыдай алмағандықтан, о дүниеге кеткен болар деп әзілдей бастады.
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты
Екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы 19 қалада көбейді
Елдегі жалғыз ұлттық мектеп оқу жылын директорсыз бастады: Ұжым білім ордасында мәселенің шешілмей жатқанына наразы
“Абай ұлттық мектебі” – елде ұлттық дәрежесін алған жалғыз білім ордасы