Некеге тұрмай, жыныстық қатынасқа түскен жұпқа 100 рет дүре соғылды

Фото: DailyMail
Индонезияда ер адам мен әйел некеге тұрмай жыныстық қатынасқа түскені үшін көпшілік алдында қамшымен сабалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Straits Times сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Индонезияда ислам қылмыстық құқығы қолданылатын жалғыз аймақ – Ачех провинциясы екен. Онда шариғат заңы қолданылады. Жұп сол шариғат заңына қайшы жыныстық қатынас үшін жазаланды.
Көпшілік алдында жазалау 7 сәуірде Ачех провинциясындағы қалалық саябақта өтті. Оларға ротанг таяқшасымен 100 рет дүре соғылды.
Сол күні барлығы алты адам жазаланды. Қалған қылмыскерлерге өзге жыныстағы өкілмен физикалық байланыс немесе алкогольді ішімдік ішу сияқты қылмыстар үшін 8-ден 29-ға дейін дүре соқты. 27 дүре соғылған әйелдердің бірі есінен танып, медициналық көмекке мұқтаж болды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
