Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешірім сұрап, жылады: Ислам заңын бұзған екі гей таяқпен 77 рет дүре соғылды

Индонезияда кеше екі гей ер адам Ислам заңын бұзғаны үшін таяқпен 77 рет дүре соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме беріп. 

27 және 29 жастағы ер адам он шақты адамның көзінше бес адамнан тұратын бет-әлпеті жабулы киім киген полиция қызметкерлері тарапынан 40 рет соққы алған. 

Шариғат полициясының бастығы Ачехтің міндетін атқарушы Геру Тривижанарконың айтуынша, ер адамдар қараша айында тұрғындар күдігінен соң қамауға алынған. Полиция оларды жалға алынған пәтерінде жыныстық қатынас кезінде ұстаған.

Белгілі болғандай, оқиға Индонезияның Ачех қатал консервативті провинциясында орын алған. 

Басылым жариялаған фотоларда айыпталушылар қатты соққылардан зардап шегіп, қиналып тұрғанын байқауға болады. 

Жаза қолдану барысында еркектерді 20 рет ұрып-соққан соң, демалдыруға, су ішуге уақыт берген. 

Ер адамдардың бірінің анасы ұлын сабап жатқан көріністі көріп, есінен танып қалған. Олардың әр қайсысы 77 реттен сабалған, бұл бастапқыда тағайындалған мерзімнен аздау. Себебі айыпталушылар бұған дейін 3 ай түрмеде отырып шыққан. 

Бұдан бөлек, тағы төрт адам 17-40 рет аралығында дүре соғылған. Олардың бірі алкоголь ішкен үшін, ал енді бірі ер адаммен кездескені үшін жазаланған. 

Айыпталған әйелдің бірі жігітімен кездескені үшін 17 рет дүре соғылған. 

"Ислам шариғатының сақталуын қамтамасыз ету - бұл кімге қатысты болса да қатаң ұсталынуы тиіс ереже, тіпті келушілер де жергілікті ережелерді сақтауы керек", - деді AFP-ге қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шенеунік Геру Тривижанарко. 

Шенеуніктің айтуынша, осы аймақта гомосексуалдар жиналатын бірнеше орын бар және оларды табу қиын. Ол халықты шариғатты бұзып жатыр деген күдіктері жайлы хабарлауға шақырды.

Гейлердің қарым-қатынасы Индонезияның еш жерінде заңдастырылмаған.  Өз кезегінде Ачех провинциясы - Шариғат заңы қолданылатын әлемдегі ең ірі мұсылман еліндегі аймақ.

Ачехте, Суматра аралының солтүстік жағында, көпшілік алдында ұрып-соғу - құмар ойындар, алкоголь ішу және неке адалдығын бұзу сияқты бірқатар құқық бұзушылықтар үшін жиі қолданылатын жаза.

Адам құқықтары жөніндегі қауымдастықтар көпшілік алдында таяқпен ұруды өте қатал деп бағалаған, ал Индонезия президенті Джоко Видодо мұны тоқтатуға шақырады. Алайда бұл жаза Ачех тұрғындары арасында кең таралып кеткен. 
 

Талқылау