Алматыда мүгедек науқас медбикелердің интимді жерлеріне қол жүгіртіп тиіскен
Ем іздеп келіп, емхана қызметкерлерінен таяқ жеп қайтты. №4 қалалық клиникалық арухананың үш күзетшісі қос бүйрегі дұрыс жұмыс істемейтін 1-топтағы мүгедектің қолын қайырып, жертөлде жұдырық жұмсаған.
Күн ара ауруханаға келіп, гемодиализ арқылы емделіп жүрген жағдайы мүшкіл жігіт кеше үйіне көк ала қойдай болып қайтты, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Ал №4 клиникалық аурухананың дәрігерлері мен қауіпсіздік қызметі мүгедек Марат Тұрымбетовтың өзін кінәлап отыр. Айтуларынша ол медбикелерге қол жүгіртіп, бірнеше рет анайы қылықтар көрсеткен. Шулы істің шынайы оқиғасы қалай болған?
Қан құрамын, айналымын тек арнайы сүзгінің көмегімен тазартуға күн ара келетін Мараттың қос бүйрегіде қиын жағдайда. Гемодиализ апаратына тәуелді пациент кеше кезекті ем алып жатқан кезінде тоқ өшіп, ем алуы жарты жолда тоқтаған. Бұған ашуланған 1- топтағы мүгедек бірден 4 қабаттағы бас дәрігерге кезексіз кірмекші болып хатшы және орынбасармен сөзге келеді. Өзара ұрыста екі жақта бір-бірін аяп қалмаған.
«Олар алдымен менің қолымды қайырып бұрады. Сосын соққы жасады. Диванға отырғызып, барлық оқиғаны түсірген телефонымды тартып алды. Телефонымды бір жерге лақтырып жіберді. Қолымды бұрап, кісен салмақ болды. Кеуде тұсымнан ұрды», – деді І-топтағы мүгедек Марат Тұрымбетов.
Ал аурухана дәрігерлері мен күзетшілері мүгедек жанның өзін кінәлап отыр. Соққыға жықпадық, тек дәрігерге жүгіріп болмаған соң қолын бұрап төменгі қабатқа түсірдік дейді. Төрт жыл ем алып жүрген Тұрымбетов бұған дейінде аурухана қызметкерлеріне қоқан лоқы көрсетіп келген. Тіптен аурухана ішіндегі камералардан мүгедекпін деп шу шығарып жүрген Мараттың медбике қыздарға жасаған арсыз әрекеттерін көруге болады. Дене мүшесін сипалап, аяғын ақ қалаттылардың бетіне апарғаныда жазылып қалған.
«Бұған дейін де әлденеше рет шулы жағдайлар болған. Ол кісінің тарапынан моральдік тұрғыдағы, өзінің қызындай 1995 -1996 жылғы қыздарға қол жүгірті, ем-шара жүргізген қыздардың интимді жерлеріне қолын жүгіртуі, денесін сипалап, сондай азғын әрекеттер жасағанан кейін біз тоқтам бергенбіз», – деді №4 қалалық клиникалық ауруханасы қауіпсіздік қызметінің басшысы Бейбіт Қапашев.
Дәрігерлердің айтуынша, қанды сүзгіден өткізіп, тазартуы тиіс апарат өшіп қалған соң оны емделушіге қайта қосуға болмайды. Бірақ бұл жағдайды түсінгісі келмеген мүгедек жігіт ауруханада айқайға басып, айналасындағылардың мазасын алған.
«Ол бөлімде ем-дом алып келеді. Оның ауыр дертпен ауыратынын түсінеміз және біздің емдеуімізге мұқтажы. Бірақ оның әдепсіз, ерсі қылықтары әбден шаршатты. Біздің шыдамымызды да тауысты. Оны ешкім ұрған жоқ. Ол кеше біздің ауруханадан кеткенде денесінде ешқандай жарақат болған жоқ», – деді №4 қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айман Байзолданова.
Ем-шара қабылдау төсегінде жатып, медикелерге қол жүгірткен қылығын мүгедек жан түсіндіріп бере алмады. Басшылары қызметкерелеріміз қорлық көрді деп жүрген қыздарды өздері жұмыстан шығарып жіберген. Ол қыздар бүйрегі ауыратын жанға шағымымыз жоқ деді. Ал төрт жылдан бері бір-бірінен әбден шаршаған қос тарап құқық қорғау органдарына кезекті шағымдарын жазды.
Тағы да оқыңыз:
Алматылық келіншек жолдасына алимент төлетудің ерекше әдісін тапқан
Ақтөбелік кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккен отбасыға 3 бөлмелі пәтер алып берді