Алматыда үй қоршауына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды
Алматыда Subaru Forester автомобилінің жүргізушісі тұрғын үйдің кірпіштен қаланған дуалын соғып кетті. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Шетелдік маркалы машина Постушев көшесінің бойымен сол жақ бағытқа бара жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, үйдің қоршауына соғылған. Десе де, бұл болжам әлі тексеріліп жатыр.



32 жастағы ер адам сол жерде қаза тапты. Үйдің кірпіш қақпасына ғана зақым келген. Көлік апатының мән-жайын Алматы полициясы тексеріп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Алматының қақ ортасында екі автомобиль соқтығысты
Полицейлер фильмде ұрының рөлін ойнаған актерді өлтіріп қоя жаздады
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді