Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы өзендерінің бірінде мұнай қалдығы табылды: Экологтар ластану себебін білмей отыр

су құрамы Есентай
Фото: Stan.kz

Алматыдағы Есентай өзенінен мұнай өнімдерінің іздері табылды. Экологтар ластану фактісін растағанымен, оның қайдан шыққанын анықтай алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков Есентай өзенінен мұнай өнімдері мөлшерінің шамадан тыс артқаны анықталғанын растады.  

Мамандар ластану фактісін Есентай, Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Бақарасай өзендері мен Сайран көлін зерттеу барысында анықтаған. Лесбековтің айтуынша, ластану қайдан шыққаны әлі белгісіз. 

"Есентай өзенін ластаған көзді таба алмадық. Алматы өзендерінде мұндай жағымсыз жағдайлар мерзімді түрде, нақты айтқанда жыл сайын тіркеледі. Зертхана мамандары құқықбұзушылық орындарына жедел барып, су сынамаларын алады және ластаушы заттардың мөлшерінің нормадан асып кеткенін анықтайды", – деді Лесбеков.

Қалған аумақтарда алынған топырақ сынамаларын талдау нәтижесінде зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерден асқаны анықталмаған.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 15 Шілде, 2026 14:53