Алматы орталығында жарық өшіп, ұзын сонар кептеліс пайда болды
Алматы орталығында жарық сөніп қалып, ұзын-сонар кептеліс пайда болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Алатау жарық Компаниясы” АҚ баспасөз хатшысы Лаура Ибраева аталған жағдай тексеріліп жатқанын айтты. “Қаланың бірқатар аудандарында жарық сөніп қалды. Қазір апатты қалпына келтіру бригадалары оқиға орнына шығып кетті. Толығырақ мәлімет кейінірек береміз”, – дейді Лаура Ибраева.
Түскі сағат 15:00-дер шамасында Абай, Сәтбаев, Манас, Розыбакиев, Әуезов, Жароков, Өтеген батыр көшелерінде және Алмагүл ауданында жарық өшіп қалған. Осының салдарынан бағдаршамдар істен шығып, троллейбустар тоқтап, жолды бөгеп қалған. Араға бір сағат салып кейбір көшелерге ішінара жарық берілді.
"55 жасында дүниеге келген": Ата-анасы жасы келгенде туған қазақстандықтар қиыншылықтарын бөлісті
Самал: "Кей сәттерде ата-анамның өздері де бала секілді көрінеді"
Jennifer Lopez, Backstreet Boys, Kanye West: Әлемдік жұлдыздарды шақыру құны қанша
Қымбат билет, миллиондаған доллар: Қазақстанға жұлдыз шақыру кімге тиімді?