Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматы облысында Ұлттық ұлан жауынгері басына оқ атып мерт болды
Ұлттық ұланның жауынгері Алматы облысында басына оқ атып көз жұмды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға 23 қаңтарда сағат 01:35-те Ұзынағаштағы әскери бөлімде орын алған.
«Қатардағы Қожан Ұласбек қарауылда қызметін атқарып жатып қарудан басына оқ атып, жарақаттанды. Алған жарақатының салдарынан көз жұмды», – делінеді хабарламада.
Аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қызметтік текеріс тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықталуда.
«Ұлттық гвардияның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгердің жақындары мен туыстарына көңіл айтады», – дейді баспасөз қызметіндегілер.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар