Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлсайдағы тау көшуінің куәгері: Тау бөлініп, гүрілдеген дауыс қоса естілді (фото)

ТЖ жөніндегі жедел штаб Кеген ауданы Саты ауылының маңында тəулік бойы үздіксіз кезекшілік жасауды жалғастыруда. Оқиға орнында Алматы облыстық ТЖД-ның жедел тобы жұмыс істеп, арнайы техника бағытталған, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Көлсайдағы тау көшуінің куәгері: Тау бөлініп, гүрілдеген дауыс қоса естілді

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жергілікті атқарушы органдар, күштік құрылымдар мен «Қазселденқорғау» ММ басшылығы тау қыртысының бұдан былайғы қозғалысын зерттеп жатыр.

«19 сəуірде тауға мал айдау үшін таңертең ерте тұрғанмын. Сол кезде мен тау бөлініп жатқанын байқадым жəне гүрілдеген дауыс қоса естілді. Лақтырылған тастардың дыбысы да естіліп жатты. Мен қорқып кеттім. Ауыл əкіміне айту қажет деп шештім. Шамамен 20 минуттан кейін ауыл əкімі «Көлсай көлдері» ұлттық паркі директорының орынбасарымен бірге оқиға орнына келді. Бізге тез арада көшу қажеттігін айтып, біз уақытша көштік”, – деді оқиғаға алғаш куə болған қойшы Меллат Сағадатұлы.

Көлсайдағы тау көшуінің куәгері: Тау бөлініп, гүрілдеген дауыс қоса естілді

Атап өтсек, бүгінгі күні оқиға орнында тəулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, төменгі Көлсай көлдеріне апаратын жолдар жабылды.

Қазіргі жағдай жөнінде ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ басшысы Тоқтар Баймолдаев айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде тау көшкінінің жылдамдығы  сағатына төрт метрден бір метрге дейінгі жылдамдықты құрап отыр.

“Опырылған жердің көлемі 21 сəуірде 50 млн. куб, ұзындығы 1700 метр, ені – 900 метр болды. Тау топырағы Көлсай көлінің аңғарына қарай жылжуда. Өзен аңғарын жауып қалу қаупі бар, ол тағы бір өзенді қалыптастыруы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін қажетті инженерлік шаралар қабылданып жатыр. Егер тау көшуі өзеннің аңғарын жауып тастайтын болса, онда ауыр техниканың жəне жару жұмыстарының көмегімен су жіберу жүргізілетін болады. Ол үшін «Қазгидрология», Казвзрывпром» жəне бірқатар жобалық институттар мамандары тартылуда. Қазір елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Дегенмен қауіпсіздік үшін Көлсай көлдеріне апаратын жолдар жабылды», – деді сөзінің қорытындысында Тоқтар Баймолдаев.

Тоқтар Баймолдаев

Облыстық əкімдіктен хабарлағандай, оқиға орнына қажетті техникалар жұмылдырылып, тиісті ведомстволардың мамандары тартылуда. Оқиға орнындағы жағдай туралы сағат сайын облыс əкіміне хабарланып отыр. Жағдай авиация көмегімен жоғарыдан да бақылануда.


Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді

Талқылау