Алматы облысында ер адамды күрекпен ұрып өлтірген: Отбасы қылмыстық істің бабын өзгертуді талап етуде

Алматы облысында желкесінен күрекпен соққы алып көз жұмған ер адамның туыстары қылмыстық істі қайта саралауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марқұмның қызының айтуынша, оқиға 2026 жылдың 23 ақпанында болған.
"Оны қатыгездікпен өлтірді. Күректің ұшымен жасалған соққы дәл мойын тұсына тиген, әкемнің мойын омыртқасы сынған", – деп жазды марқұмның қызы.
Theards қолданусының айтуынша, оның әпкесі қылмыс орнына келген кезде әкесі әлі тірі, қансырап жатқан. Алайда, оны құтқарудың орнына күдікті мен оның туыстары оны жедел жәрдем мен полиция шақырмай, шамамен жарты сағат бойы "келісіп алуды" ұсынған.
Ер адам Ұзынағаш ауруханасына жеткізілген, онда оның басын таңып, жан сақтау бөлімін өздері іздеуі қажет екендерін айтқан. Нәтижесінде Алматыға келе жатқан жолда ер адамның жағдайы нашарлай берген, ал Қалқаман ауруханасына жеткен ер адам көз жұмған.
ОқыңызМарқұмның қызы күдіктіге "абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" бабы бойынша айып тағылғанына наразы.
"Қандай абайсыздық? Адамды күректің ұшымен әдейі мойын тұсына ұру жай ғана жарақаттауға ниеттену емес. Бұл – тікелей өлтіруге бағытталған әрекет! Бел тұсынан жасалған соққы аяқтың сал болып қалуына әкелуі мүмкін, ал күрекпен мойынға соққы жасау – өлтіру үшін саналы түрде жасалған әрекет!", – дейді марқұмның қызы.
Отбасы қылмыстық істі "Адам өлтіру" бойынша қайта саралауды талап етуде.
Алматы облыстық соты қылмыстық іс өндірісіне қабылданғанын растады. Негізгі сот отырысы 21 мамырға белгіленген.
Алматы облыстық полиция департаменті мәліметінше, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, сот санкциясымен ол қамауға алынған.
“Тергеу барысында оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Қазір қылмыстық іс материалдары қадағалаушы органмен келісіліп, қарау үшін сотқа жолданды. Соңғы шешімді сот қабылдайды”, – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында ер адам туған әкесін ұрып өлтіргені туралы жазған едік.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек