Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бет сүйектері ең ірі деп танылған әйел енді оларды кішірейтпек

Анастасия Покрищук
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Украиналық модель Анастасия Покрищук ондаған косметологиялық процедурадан кейін әлемдегі ең үлкен бет сүйегі бар әйел ретінде танылған еді. Енді ол бет терісін тарттыру үшін бет сүйегіндегі филлерлерді ерітуді шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror-ға сілтеме жасап хабарлайды.

37 жастағы блогер кейінгі 10 жыл бойы бетіне филлер салдырып, бет сүйегін әдейі үлкейткен. Ол осы ерекшелігінің арқасында танымал болып, косметикалық брендтермен келісімшарт жасасқан, тіпті телешоуларға шақырту алған. Алайда қазір ол ерекше образынан бас тартып, бет сүйегін кішірейтуді көздеп отыр.

“Мен бетімдегі барлық филлерді алдымғым келеді, себебі маған бет терісін тарттыру қажет. Ал қазіргі күйінде мұны жасау мүмкін емес”, – деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Покрищуктың айтуынша, процедура біртіндеп жүргізіледі.

“Егер бәрін бірден алдырса, тері салбырап қалуы мүмкін”, – деп түсіндірді ол.

Модельдің жанкүйерлері бұл шешімге әртүрлі пікір білдірді. Бірі операция нәтижесін асыға күтіп жүрсе, енді бірі 37 жаста бет терісін тарттырудың қажеті жоқ деп санайды.

Покрищук сырт келбетін өзгертуді 26 жасында бастаған. Он жыл ішінде ол беті мен бет сүйегіне ондаған инъекция салдырған. Кейін ерніне филлер, маңдайына ботокс жасатып, винир орнатқан. Сондай-ақ оның кеудесі мен бөксесін үлкейткені туралы да ақпарат тараған.

“Инъекциядан кейін бетім өзіме қатты ұнай бастады. Басқаларға оғаш көрінетінін түсінсем де, мен бетімді жақсы көріп кеттім”, – деген еді ол бұған дейін.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 19 Мамыр, 2026 19:40