Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы метросындағы жасөспірімдердің әрекеті пойыздың шұғыл тоқтауына себеп болды (видео)

Алматы метросында үш жасөспірім күлдіргі видео түсірмекші болып, жүріп келе жатқан пойыз вагондарын итерген.

9898

Бұл туралы Patrul.kz хабарлайды.

Нәтижесінде метро пойызы дереу тоқтауға мәжбүр болды.

Кадрда үш жігіттің күтіп тұрып пойыз орнынан қозғала берген мезетте құдды пойызды итеріп жатқандай әрекет жасауға тырысқанын байқауға болады. Не болып жатқанын көрген машинист дереу пойызды тоқтатқан. Қозғалыс содан кейін барып қайта жалғасады.

Оқиға нәтижесінде жас жігіттер полицияға түсініктеме жазды. Олармен мұндай әрекетті енді қайталамау туралы кеңес те жүргізілді.

“Пойыз қозғалысы кезінде ондай әрекет жасау қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін екендігін айтқым келеді. Бұл жас балалар мұндай әрекеттері ауыр зардапқа әкелерін сезбеген сияқты. Бұл бірінші кезекте олардың өздерінің қауіпсіздігі үшін”, – деді “Метрополитен” қозғалыс қызметінің басшысы Нұрлан Қадырқұлов.

Оқи отырыңыз:

Әуежайлар мен вокзалдарда намазханалар қайта ашылатын болды

18 жасында әке атанған жігіт ерте отбасын құрудың артықшылықтары туралы айтты

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Талқылау