Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайын су басқаннан кейін басшылығы жауапқа тартылды

Алматы әуежай су басқасын жазалады
Фото: Желі кадрларынан

Алматы халықаралық әуежайы жауын кезінде төбеден су ағып, басқаннан кейін жауапкершілікке тартылды. Оқиға фактісі бойынша Көлік министрлігі мен құқық қорғау органдары шұғыл кеңес өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Азаматтық авиация комитеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сай әуежайға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдады.

Оқиғадан кейін кадрлық өзгерістер болды. Әуежай басшылығы жағдайға байланысты шара қабылдап, техникалық мәселелерге жауапты аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза берді.

Қазір кемшіліктерді жою жұмыстары жүріп жатыр. Әуежай әкімшілігі жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрап, барлық ақауды түзетуге кіріскенін мәлімдеді. Барлық қажет шаралар жедел режимде іске асырылып жатыр. Су басу себептерін толық жою алты ай ішінде жоспарланып отыр.

Көлік министрлігі мұндай жағдайлардың қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті. Ведомство азаматтық авиация саласындағы заңнаманың сақталуын және авиациялық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қатаң бақылау жүргізуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Алматыда жаңбыр жауып, халықаралық әуежайы аумағын су басқан еді. Су шатырдан тікелей ғимарат ішіне ағып, тексеру және паспорттық бақылау аймақтарын басып қалған. Қызметкерлер кіреберістерді жауып, әуежай жұмысы уақытша тоқтаған.

Stan.kz
Сейсенбі, 05 Мамыр, 2026 09:19