Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Алматы аруы-2016» Қазақстан атынан «Дүниежүзі аруы-2017» байқауында қатысады

«Алматы аруы 2016 –мың жылдың сұлуы» титулының иегері Камила Асилова «Дүниежүзі ару-2017» байқауына қатысады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Байқау 26 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Тәж үшін 90 елдің сұлуы бақ сынайды. Ал, «Алматы аруы-2017» атанған Сабина Әзімбаева «Дүниежүзі аруы-2018» байқауына қатысатын болды.

«Алматы аруы» байқауының өкілдері «Дүниежүзі аруы» ұйымдастырушыларымен бірлесіп жұмыс істейді. Сондықтан байқауда алматылық ару бағын сынамақ.

Фото: bnews.kz

«Біз Алмвты аруына байқауға қатысуға көмектесеміз. «Алматы аруы-2007» атанған Альфина Насырованы жетекшісі етпекпіз. Камила Бахтың сәндік топтамасымен шығамыз. Қазақстандық арудың киім үлгісін Малика Уссипова да қолға алған. Халықаралық мамандарды да шақыртуымыз мүмкін. Бірақ ол қаражатқа байланысты. «Алматы аруы» байқауы жеке адамдардың ақшасына өтетін болғандықтан, бәрі демеушілікке байланысты», – дейді әділқазы мүшесі Совет Сеитов.

Тағы да оқыңыз:

Атамбаев шекараны нығайтып, қорғанысты күшейтуге тапсырма берді

Түркістанда жатқан Арыстанбаб кім: «Пайғамбар сахабасы» деген сөз рас па

Мұстафа Шоқайдың берген садақасы оны өлімнан аман алып қалған

Талқылау