Almaty Arena мұз айдынында өрт шығып, төрт бала құтқарылды (видео)
25 қаңтарда Almaty Arena мұз сарайында өрт шықты. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті лезде жетіп, өртті сөндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кешеннің кіші залының бірінші қабатында 40 шаршы метр аумақта төсеніштер жанған.
"Өрт сөндірушілер келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер үй-жайдан өз бетінше шығып кетті. Өртті барлау және сөндіру барысында газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері 2013, 2016, 2019 және 2012 жылы туған төрт баланы аман алып қалды", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті балалардың жағдайы қанағаттанарлық дейді. Қазір оларды дәрігерлер тексеріп жатыр. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің психологтары да жұмыс істеп жатыр.
Өрт сағат 15:46-да ауыздықталды. Өрт басқа бөлмелерге таралмаған.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген