Тауда екі тәулік болған алматылық ер адам өлім аузынан қалды
Құтқарушылары Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Екі тәулік іздеуден кейін бүгін сағат 15:50-де 1985 жылы туған ер адам Құмбелсу өзенінің шатқалынан табылды.
"Құтқарушылар зардап шеккен адамды жаяу қауіпсіз жолмен Құмбелсу өзені арқылы өтетін көпірге тасымалдауда. Ол жерде жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицина орталығының қызметкерлері күтіп тұр. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы ауыр. Оны тасымалдау жұмысы тәуліктің қараңғы мезгіліне және тау беткейінің қауіпті тік болуына байланысты қиындады. Құтқару операциясына республикалық жедел-құтқару жасағының 26 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары шамамен бірнеше сағатқа созылады", – делінген хабарламада.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі