Алматының Бостандық ауданы жарықсыз қалды
Алматының Бостандық ауданындағы электр қосалқы станциясында ірі апат болып, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Апаттық өшіру туралы ақпарат "Алатау жарық компаниясы" АҚ сайтында жарияланған.
Картада көрсетілген мәліметке қарағанда, Әл-Фараби мен Достық даңғылдарының қиылысында орналасқан үйлерде жарық жоқ.
Апаттың себептері анықталып жатыр.
Мамандар тұрғындардан су қорын жинақтауды сұрады. Өйткені су айдайтын мотор жарықпен ғана жұмыс істейді. Жақын арада су да тоқтауы мүмкін.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"