Алматының бір ауданы жарықсыз қалды
Алматыда Алмалы ауданының тұрғындары кешкі 18.00-деп бастап жарықсыз отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алатау Жарық" компаниясының мәліметінше, бүгін кешкі 18.00-де Алмалы ауданында электр энергиясы өшіп қалды.
Қазіргі уақытта электр жарығы қаланың Шагабутдинов, Жамбыл, Әйтеке би, Құрманғазы, Қазыбек би, Масанчи, Шевченко, Мұратбаев, Амангелді, Әди Шәріпов, Желтоқсан, Мұқанов көшелерінде жоқ.
"Электр энергиясының өшу себебі анықталуда. Электр энергиясынсыз қалған аумақты картадан көруге болады", - деп хабарлады "Алатау Жарық" компаниясы.
Сондай-ақ, компания өкілдері 2 сағат ішінде электр энергиясы қосылуы тиіс екенін хабарлады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған