Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының бас санитарлық дәрігері мектептер қандай жағдайда жабылатынын айтты

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, мектептердің барлығы онлайн білім беру жүйесіне көшірілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Егер сыныпта вирус жұқтырған оқушы анықталатын болса, онда оқушылар онлайн режимге ауыстырылады. Егер оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса карантин емес, мектеп толығымен жабылады. Оқушылардың жартысы оқып, жартысы оқымаса карантин болады", – деп түсіндірді Бекшин.

Қаланың бас дәрігері жаңа қаулыда сипатталған жекелеген студенттерді онлайн оқытуға ауыстыру ережелерін түсіндірді.


Алматылық оқушылар сенбі күні де оқиды


"Ата-аналардан өтініштер келіп түсіп жатыр. Олар созылмалы аурумен ауыратын балаларын онлайн білім беруге ауыстыруды сұрайды. Көптеген ата-ана осындай мәлімдеме жазады. Егер бұл медициналық құжаттармен расталса, олардың баласының шынымен де созылмалы аурулары бар және жұқтыру қаупі жоғары екені нақтыланса, бала үйден оқуға ауыстырылады. Сонымен қатар, егер сыныпта науқас адам табылса, инфекцияның тұтастай таралмауы үшін барлық сынып онлайнға ауыстырылады”, – деп қосты Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда бір айлық сәби коронавирустан көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. 

Талқылау