Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда коронавирустан бір айлық нәресте көз жұмды

Алматыда коронавирустан бір айлық нәресте көз жұмды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осыдан бір ай бұрын Алматыда бір айлық бала коронавирустан қайтыс болды. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық", – дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қазір коронавирус жұқтырған 195 бала ауруханада ем қабылдап жатыр.


Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматыда карантин шаралары жаздың соңына дейін ұзартылды


"Қазақстанда, әсіресе Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артып келеді. Бүгінде 195 науқас бала ауруханада жатыр. 2540 бала үйден ем алуда. Екі бала жансақтау бөлімінде", – деді Нариман Табынбаев.

Айта кетсек, Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Тәулігіне 1500-ден астам жағдай тұрақты түрде тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді. Тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері 105,6 мың жағдай тіркелді. 

Талқылау