Алматының бас коменданты: Лаңкестер қарапайым тұрғындарға бейберекет оқ жаудырған
Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов лаңкестердің қарапайым тұрғындарға оқ атқанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қарулы қылмыскерлер қала көшелерінде бейберекет оқ жаудырып, кедейсоқ өтіп бара адамдарды, дүкендегі сатып алушылар мен көлікті беруден бас тартқан жүргізушілерді өлтірді", – деді Қанат Таймерденов.
Бұған қоса ол 6 қаңтарда кешкі сағат 21:30 шамасында Алматы қаласы әкімдігінің жанында әкім Бақытжан Сағынтаевтың да кортежіне оқ атылғанын айтты.
"Қастандық салдарынан "Алматы" телеканалының қызметкері қаза тапты, тағы үш адам, оның ішінде әкімдіктің екі қызметкері жараланды", – деді Таймерденов.
Еске салсақ, бұған дейін ол қаладағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 149 тұрғын қаза болғанын айтқан еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды