Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға вакцина сауда орталықтары мен базарларда салынбақ

Алматыда сауда-ойын-сауық орталығы мен базарларда вакцинациялау жүргізіледі. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лаура Мырзағалидің айтуынша, қазір Алматыда емханаларда 35 вакцинациялау орны бар. Жақында тағы 15 пункт ашылады деп жоспарлануда.

"Бұл пункттер жеке клиникаларда болуы мүмкін. Біз халықты сауда үйлерінде, базарларда вакцинациялау мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді ол.

Сондай-ақ, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі жазға дейін Алматыға 197 мыңнан астам вакцина жеткізілетінін айтты. 



"Біз сәуір айында 65200 дозаны, мамырда 65200 дозаны және маусымда 67000 дозаны күтеміз", - деді Лаура Мырзағали.

Бұған дейін Алматыда дәрігер осы инфекцияға қарсы вакцинациядан кейін коронавирусты жұқтырғаны хабарланған болатын. Алайда ол инфекция қаупін білгенін және әлі де вакцина егуді ұсынатынын айтады.

Талқылау