Алматылық жүргізушілер "Алтын Орда" базары жанындағы жаңа көпірдің сапасына шағымданды
Алматылық көлік жүргізушілері "Алтын Орда" базары маңындағы жаңадан салынған көпірдің сапасыз екенін айтып, шағымданды. Көпірдің ашылғанына жарты жыл болмастан, асфальт бүлінген дейді олар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Көлік жүргізушілерінің сөзінше, жолда ойықтар көп болғандықтан, жүру қиындаған. Ал "Қазавтожол" компаниясындағылар көпірдегі жұмыстардың толық аяқталмағанын мәлімдеді.
Компания өкілдері алдағы уақытта жолдың екінші негізгі қабаты төселіп, жаяу жүргінші өткелдері мен жеделсаты жасалады дейді. Сонымен қатар тосқауыл қоршаулары орнатылып, жол белгілері қойылады.
"Алтын Орда" базары маңындағы жолайрық құрылысы 2017 жылдың күзінде басталған. Алайда құрылыс кешіктіріліп, көпір 2021 жылдың соңында қолданысқа берілген.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады