Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны автобус орындықтарына ине қойып кететіндер туралы ескертті

TikTok қолданушысы инеге ұқсас үшкір затты Алматы автобустарының бірінен тауып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: TikTok.com/_Lipa1_Фото: TikTok.com/_Lipa1_

Lipa есімді TikTok қолданушысы қоғамдық көліктен тапқан инеге ұқсас затты фотоға түсіріп алып, желіде тұрғындарды құлақтандырды.

“Алматының қоғамдық көлігіне біреу қадап кеткен. Кім істесе де, сол хайуандарға бұл ісі қайтады деп ойлаймын. Өтініш, отырайын деп жатқан кезде орындықты мұқият тексеріңіз. Бұны балаларыңызға да айтыңыз. Бұл инеден ауру жұғуы да мүмкін ғой?", – деп жазды ол өз парақшасында.

Пікір қалдырушылар бұл ақпараттан шошып жатыр. Кейбірі “мұны үлкен апалар жастардың орын бермегеніне ашуланып қойып кетеді” десе, енді бірі “бұдан ештеңе жұқпайды, бірақ жарақаттанасың” деп ескертіп жатыр.

Кейбірі мұндайды кинотеатр орындықтарынан да тауып алғанын айтты. Жалпы TikTok қолданушылары "Мұны істеудің не мәні бар?" деп түсінбей жатыр. Дегенмен кей тұрғындар мұны біртүрлі ойындардың шарты бойынша жасалуы мүмкін деп топшылайды.

 

Талқылау