Алматылық полицейлер тұрғындардың жеке деректерін сатқаны анықталды
Алматыда бұрынғы және қазіргі полицейлер қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан. Бұл туралы ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қалалық полиция департаментінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлерінің қатысуымен қылмыстық топ құрықталды, олар азаматтық тұлғалардың жәрдемімен ведомстволық ақпараттық базаларды сату бойынша бизнесті жолға қойды. Дербес деректер үшінші тұлғалардың қолына өткен", - деді ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов.
Оның айтуынша, "бизнеске" полиция департаментінің қазіргі екі, бұрынғы үш қызметкері және бір азаматтық тұлға қатысқан. Барлығы сотталды.
"Олардың тікелей басшылары атқарып отырған лауазымдарынан босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Саданов.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Алматыдағы ауызсудан синегной таяқшасы анықталғанын растады
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді