Алматылық мектеп директорының алғашқы қоңыраудағы биі көпті тәнті етті (видео)
2 қыркүйекте Алматыдағы №209 мектеп директорының билеген видеосы желіде тарап, көпті сүйсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Директор Болат Мыңбаев алғашқы қоңырауда бірінші сынып оқушыларын қолдау мақсатында олармен бірге биледі. Сол кезде оны көпшілік видеоға түсіріп алса керек.
Белгілі болғандай, мектептің бұл күнгі шарасына әнші Айжан Нұрмағанбетова келген.
Болат Мыңбаевтың 37 жаста екені белгілі болды. Ол тарих пәнінің мұғалімі екен. Оның педагогикалық өтілі – 16 жыл.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі