Алматылық тұрғын тесіліп қарағаны үшін бейтаныс адамды өлтірген
Алматыда ер адам бейтаныс адамды тесіліп қарағаны үшін өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының тұрғын болашақ әйелі мен қызын ертіп көшеде келе жатқан. Бір топ достарымен тұрған бейтаныс адамға байқаусызда көзі түсіп кеткен. Достарымен тұрған азамат өзіне бейтаныс адамның назары түсіп тұрғанына сезіктенген. Сөйтіп "маған не қарайсың?" деп сұрақты төтесінен дүрсе қоя берген. Алматылық тұрғын бұл сұрақтың өзіне таяқ болып тиерін білмеген. Әңгіме конфликтіге айналып, ерегіске ұласқан. Бір уақытта қарсы топтағы жігіт сөмкеден жиналмалы пышақты алып, 4 рет кеуде қуысына ұрған.
Ер адам көп қан жоғалтып, ауруханада қайтыс болды. Сот үкімімен кісі өлтіруші қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады