Алматыда бес адамның өмірін қиған Дужновтың әйеліне қарыз шарттарын жеңілдету ұсынылған
Алматыда үйінен шығаруға келген бес адамның өмірін қиған Игорь Дужновтың әйелі Анаид Демирчянға қарызды қайта құрылымдауды ұсынған, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктінің әйелі ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне алғаш рет 2021 жылдың мамыр-шілде айларында көмек сұрап жүгінген.
"Ол өз шағымында Алматы қаласының аудандық соттарының шешімдеріне наразылық білдірді. Оның пікірінше, "БанкЦентрКредит" АҚ-ның кепілге қойылған мүлікті сату аукционына қатысуы атқарушылық іс жүргізудің негізгі принциптеріне қайшы келеді және оның құқықтарын бұзады. Оған сот отырысының уақыты мен орны туралы айтылмаған және кепілге салынған мүлікті сату туралы хабарламаған", – деді агенттік.
Сондай-ақ Демирчян өзінің өтініштерінде БКК жеке қызметкерлері мен жеке сот орындаушысының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері болғанын, оның ішінде атқару органдарының ақпараттық жүйесін жеке мақсаттарда қолданғанын көрсетті. Ол тиісті тергеу жүргізіп, оларды жауапкершілікке тартуды талап етті.
Қаржы агенттігі Демирчянды Әділет министрлігіне жолдаған. Маусым айында агенттік қарыз алушының құжаттарын зерттеді. Атаулы мекеме өтініштерде көрсетілген мәселелер бойынша сот шешімдері қабылданғанын атап өтіп, олар департаменттің сот жүйесінің қызметін қайта қарауға немесе басқаша араласуға құқылы емес екенін жеткізді.
"Бұдан бөлек, атқарушылық іс жүргізу туралы заңда орындалған атқарушылық әрекеттердің заңдылығына бақылау орнатылатыны бекітілген, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының іс жүргізу және құжат айналымы ережелерін сақтауын уәкілетті орган, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асыратыны көрсетілген. Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу саласындағы уәкілетті орган Әділет министрлігі болып табылады. Осыған байланысты агенттік Демирчянға Әділет министрлігіне жүгінуді ұсынды", – деп атап өтті Қаржы агенттігі.
Қаржы агенттігі Демирчянның атынан БЦК-ға проблемалық несиені қайта құрылымдауды сұрағанын атап өтті.
"Ұсынысты орындау үшін банк Демирчянға міндеттемелерді ерікті түрде орындау және қарыздың қалдығын тең бөліп төлей отырып, қарыздың кемінде 10% -ын төлеу туралы келісім жасасуды ұсынды. БЦК мәліметтері бойынша, Демирчян бұл мүмкіндікті қолданбаған", – деді атаулы мекеме.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.
Үйде әйелдер мен балалар болғандықтан күдіктіні арнайы жасақ қару қолданбай қолға түсірді.
"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 1967 жылы туған ер азамат 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар бұған дейін Алматы қалалық соты Игорь Дужнов пен Анайда Демирчян өз құқықтарын қорғауда қателіктер жібергенін айтқан болатын.