AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Алматыда 5 адамның өмірін қиған Игорь Дужновтың әйелінің шағымын қарауды кейінге шегерді

Алматылық сот Ақбұлақта атыс шығарған ер азаматтың әйелінің шағымын қарауды кейінге шегерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 қыркүйекте Алматы қалалық соты Анайда Демирчянның шағымын қарауға кіріскен болатын. Ақбұлақ ықшамауданында атыс шығарған азаматтың әйелі бұдан алдын аудандық соты қабылдамаған отбасын үйден шығару туралы шешімге апелляциялық шағым берген болатын.

Сот отырысының басында төрағалық етуші сот хатшыдан қатысушылардың қатысуын сұрады. Алайда сотқа даулы үйдің жаңа қожайыны, талапкер Нұрахмет Тұрғанов келе алмады. 20 қыркүйек күні ол Игорь Дужновтың қолынан қаза тапқанын айта кетейік. Сот отырысында марқұмның адвокаты қорғауындағы азаматтатың келмегенін мәлімдеді.



Осыған байланысты сот талапкердің қайтыс болғаны туралы куәлікті ұсынуды талап етті. Бұл құжат әлі дайын болмағандықтан, сот шағымды қарауды 5 қазанға қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Үйде әйелдер мен балалар болғандықтан күдіктіні арнайы жасақ қару қолданбай қолға түсірді

"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 1967 жылы туған ер азамат 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, бұған дейін Алматы қалалық соты Игорь Дужнов пен Анайда Демирчян өз құқықтарын қорғауда қателіктер жібергенін айтқан болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр