Алматыдағы жерасты өткелін толығымен су басып қалды
Әл-Фараби даңғылы бойындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелін су басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі қолданушылар су басқан жаяу жүргіншілер өткелінің фотосы мен видеосын жариялады.
Алматы әкімдігі Бостандық ауданында әл-Фараби даңғылы бойындағы "Esentai Mall" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы бір жаяу жүргіншілер өткелінің шынымен де су астында қалғанын растады. Қазіргі уақытта өткелде мотопомпалардың көмегімен су шығарылып жатыр.
Әкімдіктегілер бұған дейін Райымбек пен Момышұлы даңғылдарының қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінен су шығарылғанын мәлімдеді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді