Алматыдағы ЖЭС-тен шыққан түтін қала тұрғындарын шошытты
Алматыдағы ЖЭС-тен шыққан түтін қала тұрғындарын шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде Алматылықтар қаланың батыс бөлігінен шыққан түтіннің видеосын жарыса жариялады. Олар бұл ЖЭС-тен шыққан жарылыс болуы мүмкін екенін алға тартқан. Видеодан 2-ЖЭС-тен түтін шығып жатқанын көруге болады.
Қала әкімдігі 2-ЖЭС-тен шынымен түтін будақтағанын хабарлады. Бас инженердің айтуынша, төтенше жағдай тіркелмеген. Ал видеодағы түтін суық суды қыздырғанда пайда болатын конденсаттың көкке көтерілуінен пайда болған.
Талқылау