Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен есірткі дайындайтын зертхана табылды

Алматыда 27 жастағы ер адам жалдамалы пәтерде есірткі зертханасын ұйымдастырған. Зертхана Бостандық ауданындағы екі бөлмелі пәтерде жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

есірткі

Полиция мәліметінше 27 жастағы У. есімді азамат синтетикалық есірткі өндіру үшін тұрғын үйді арнайы жалға алған екен.

“Тінту кезінде біздің бөлімше қызметкерлері медициналық шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, жасыл түсті изолента, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және синтетикалық психотроптық зат мефедрон өндірісінде қолданылатын басқа да құралдарды тәркіледі. Сондай-ақ дайын өнім – кристалдар түріндегі ақшыл түсті зат. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – жалпы салмағы 139,57 грамм альфа-PVP есірткі заты. Сонымен қатар көк түсті изолентаға оралған, ақшыл ұнтақты зат, болжам бойынша мефедрон, бөлек оралған 15 және 6 бетбелгі тәркіленді. Пәтерден табылғанның бәрі: сұйықтық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді”, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Ер адам бұған дейін де сотты болған екен. Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша іс қозғалған. 

Талқылау