Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы театр қызметкерлері сыртқы келбетіне байланысты жұмыстан шығарылғанын айтып, шағымданды (видео)

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының тоғыз қызметкері театрдың 90 жылдығына президент келер алдын жұмыстан шығарылғанын айтты. Оларды басшылық сыртқы келбетіне байланысты жұмыстан шығарып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қызметкерлерге жұмыстан қысқарту туралы алдын ала ескертілмеген. Сондықтан олар хабарламаға қол қоюдан бас тартқан. Бірақ басшылық  оларды 1 тамыздан бастап жұмысқа кіргізбейтінін айтқан.

Қызметкерлер бұл жағдайды TikTok арқылы хабарлады. Олар театрда капельдинер қызметін атқарған.

Капельдинер – көрермендерді қарсы алып, шығарып салып, залда тәртіпті сақтайтын театр қызметкерлері. 1 шілдеден бастап барлық театр қызметкерлері демалысқа шыққан. Сол кезде қызметкерлер жұмыстан шығарылғанын білген.

"1 шілдеде бүкіл театр демалысқа шығады. Ал біз 1 шілдеде демалысқа шығамыз деп қол қоюға келген едік. Театрға кірген бойда кадр бөлімінің меңгерушісі Зухра Нұрахметқызы қарсы алып, біздің бөлімнің таратылғанын айтты. Тоғыз капельдинерді жұмыстан шығарып жатқанын хабарлады. Бұл жаңалықты естігенде таңғалдық! Сондай-ақ Зухра Нұрахметқызы жұмыстан кетуімізді алдағы театрдың 90 жылдық мерейтойымен байланыстырды. Айтуынша, бұл шараға еліміздің президенті қатысады екен. Ал біз директордың сұлулық стандарттарына сәйкес келмейді екенбіз", – деді Назерке Әбілқасымова.

Назерке Әбілқасымова еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерді шығаратын кезде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті екенін айтты. Театрдың экс-қызметкерлері құжаттарға қол қоюға келіспейтінін, бұған жауап ретінде басшылық тарапынан қысым көргендерін мәлімдеді.

@golos_sotrudnikov_gatob Казахский национальный театр оперы балета имени Абая незаконно увольняется сотрудников. #р#рек#рекомендации#кодекс#министерствокультуры#министерствокультурыиинформациирк#гатоб#отделкадров#генеральнаяпрокуратура#сокращениевтеатре#31канал#ктк#айран#аманат#аманатпартиясып#прокуратура#аидабалаевап#первыйканалевразия#жанаказахстан#ulusmedia#нтк#24кз ♬ original sound - Голос сотрудников ГАТОБ

Айтуларынша, басшы оларға әдепсіз сөздер айтып, келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеген. 

"Ой, маған керектерің жоқ. Кетіңдер. Келісімшартқа қол қойыңдар! Кім бас тартып тұрған? Сөз түсінбейсіңдер ме не? Айтпақшы сендер түк те түсінбейді екенсіңдер ғой", – деген басшы.  

Одан кейін театрдың экс-қызметкерлеріне басқа жұмыс ұсынған. Мәлімдемеден кейін Назерке Әбілқасымова көрермендермен жұмыс істеу бөліміне қайта ауыстырылған.  

"Кадрлар бөлімінің басшысы Зухра Нұрахметқызы бізге 1 шілдеден бастап қызметкерлердің таратылғанын айтты. Біз енді ол жерде жұмыс істемейміз. Ал бас есепші Айнұр Қадырова телефон соғып, жұмысқа келуіміз керек екенін айтты. Ал біз хабарламаға қол қоймағандықтан және әлі күнге дейін театр қызметкері ретінде жазылғанбыз", – деді Әбілқасымова.

Театр қызметкерлері жұмыстан шығып кетеміз бе деп қорқады. Себебі басшылық 1 тамыздан бастап оларға театрға кіруге тыйым салған екен.

"Кадр бөлімінің басшысы Зухра Нұрахметқызының театр күзетшілеріне бізді театрға 1 тамыздан кіргізбеу туралы бұйрық бергенін жаңа ғана білдік", – дейді Әбілқасымова.

Аталған театр қызметкерлері әділдікті талап етіп отыр. 

Талқылау