Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде өрт шықты
Алматыдағы Самал шағын ауданында сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өрт алдымен сауда үйіне жапсарласа салынған бургер және донер сататын дүңгіршектер басталған. Кейін жаоын сауда үйіне де өтіп кеткен.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінде, өрттің 6 мамырда 5:45 шамасында басталғанын мәлімдеді. Өрт Меңдіқұлов, 98 мекенжайында орналасқан ғимараттың екінші қабатына және шатырына өтіп кеткен.
"Өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метр. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5:50-де жетті. Жалын 6:16-да ауыздықталды, 06:30-да толық сөндірілді. Сауда үйінің көп бөлігіне зақым келген жлқ. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", – делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіру үшін 13 бірлік техника мен 50 адам жұмылдырылған.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады