Алматыдағы орталық ауруханаға түскен 5 науқас ем алу кезінде АИТВ жұқтырған
Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасында 5 науқас АИТВ жұқтырып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BES.media-ға сілтеме жасап.
Деректі қалалық денсаулық сақтау басқармасы растамағанымен, вице-министр Вячеслав Дудник нақтылап отыр. Ол қазіргі уақытта науқастардың ауруды қалай жұқтырып алғанын анықтап жатқанын айтты.
Сонымен қатар науқастардың АИТВ вирусын жұқтыру жағдайы бойынша эпидемиологиялық тергеу жұмыстары да жүргізіліп жатқан көрінеді.
Сондай-ақ ақпаратта аталмыш аурухананы бұрынғы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев басқарып отырғаны да жазылған. Сонымен қатар дәл осы вирусты жұқтыру қазіргі қала әкімі, бұрын денсаулық сақтау министрі болған Ерболат Досаевтың тұсындағы кезекті жағдай екені де еске салыныпты.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
