Алматыдағы қонақүйде 26 жастағы шетелдік қызды өлтіріп кеткен
Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде Өзбекстан азаматы мерт болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға осы жылдың 20 сәуірінде Қарасай ауданында болған. Сағат 14:25 шамасында қонақ үйдің бөлмесінде 26 жастағы өзбекстандық қыздың денесі табылған.
"Оқиға болған жерде тергеу амалдары жүргізілді. Жедел-іздестіру шараларынан кейін 34 жастағы ер адам ұсталды. Ол аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінді. Ер адам қамауға алынды", – деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы полковнигі Бауыржан Аленов.
Қылмыстық құқық бұзушылық қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "кісі өлтіру" бойынша Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелген. Тергеу барысын өңірлік ПД басшылығы бақылауға алды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген