Алматыдағы дәрі-дәрмек тапшылығының себебі белгілі болды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев Алматы дәріханаларындағы дәрі-дәрмек тапшылығының себептерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тапшылықтың басты себебі: көптеген адам бізде өршу болады, коронавирус осыншалықты таралады деп күтпеді. Сәйкесінше, бұл негізсіз сұраныс, дүрлікпе тудырды, адамдар дәрі-дәрмек сатып ала бастады.

Әдетте жылына 100 мың градусник сатылады, ал мұнда үш күн ішінде 50 мың сатылды. Әрине, біз қосымша 80 мың жеткізуді ұйымдастырдық, қазір алты мың термометр қалды", - деді онлайн-брифинг кезінде Сапарбек Тұяқбаев.



Оның айтуынша, аспирин мен парацетамол жоқ дегендердің сөзі - негізсіз мәлімдеме.

"Бұл дәрі-дәрмектер дәріханаларда бар, соңғы уақытта 900 мың орамды сатып алған. Бір жылдық көрсеткіштен де көп. Қазір парацетамолдың 175 мың қорабы бар, 16-дан шілденің соңына дейін 2,2 миллион орам келіп түседі. Сонымен қатар біз тұрақтандыру қорына 3 миллионға жуық қаражат салдық", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр