Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұзақылық" бойынша ғана кінәмді мойындаймын – Алматыдағы автобус апатына кінәлі жолаушы

Алматыда 3 адамның өліміне әкелген автобус апатына қатысты сот отырысында сотталушы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: коллаж/Stan.kz

Сотталушы 32 жастағы Дархан Ахметжанов сотта оқиғаның қалай болғанын айтты. 

"Бұзақылық" бабы бойынша ғана кінәмді мойындаймын. Сағат алтыда жұмыстан шықтым. Автобусқа отырдым. Артқы есіктен кірдім, жол ақысын смс арқылы төлеу үшін телефонымды алдым. Төлем жасайтын номерді жазып алдым. Бір аялдамадан кейін түсуім керек еді. Мен нөмірді теріп жатқан едім, жүргізуші жанына шақырды. Ол айнадан қарап тұр. Мен оған жақындадым,төлемді көрсетуімді сұрады. Мен әлі хабарлама жіберген жоқпын деп жауап бердім. Сосын жүргізуші менен төлемді жібердің бе деп тағы сұрады. Нөмірді жібергенін айттым, бірақ төлем туралы хабарлама әлі келмеген еді. Телефонымды жұлып алып жібергісі келді, бірақ 9909 емес, 9906 нөмірін терді. Сосын SMS емес, қолма-қол ақша төлеу керек екенін айтты", – дейді сотталушы.

Сотталушының айтуынша, түскісі келген аялдамада автобус жүргізушісі оны сыртқа шығармаған.

"Аялдамада түсуім керек екенін айттым, бірақ ол жүріп кетті. Сол кезде біз аурухананың аялдамасына келдік. Төлем туралы хабарлама келмеді. Мен одан күтуін өтіндім, себебі түсуім керек. Ол маған жол ақысын бұрын да төлемегенімді айтты. Мен оған мені біреумен шатастырып тұрғанын айттым. Ол маған: "басымды қатырма, қолма-қол ақша бер" деп жауап беріп, мені балағаттады. Сосын мен ашуланып, олай сөйлемеуін өтіндім. Мен оны қорқыттым, ол: "маған не істесең де, өзің зардап шегесің" деп жауап берді, мен оның бетінен екі рет ұрдым", – деді сотталушы. 

Сондай-ақ сотта сот-медициналық сарапшы жүргізуші қандай жарақат алғаны туралы айтты. 

"Жүргізуші Ермек Шокебаеваға бас миының жабық жарақаты, көгеру диагнозы қойылды, ол қабылдау кезінде есін жиып, бас ауруы, жүрек айну, бас айналу, ауру сезіміне шағымданды. Бұл ми шайқалу белгілері. Ұсынылған деректер мен медициналық құжаттар негізінде сот-медициналық сараптамасының қорытындысы берілді. Нейрохирургпен кеңесу туралы өтінішім де болды. Тергеуші медициналық жазбалар мен компакт-дискілерді ұсынды. Біреуінде автобустағы бейнежазбалар болды", – деді сот-медициналық сарапшы.

Сотта жүргізушінің ауру тарихын зерттеген нейрохирург Әлімхан Халилов та сөз сөйледі.

"Төменгі жақ аймағындағы соққы кезінде адам есін жоғалтады. Бұл аймақ жарақатқа өте сезімтал. Осыған сүйене отырып, есін жоғалтудың себебі камера жазбаларымен расталады деген қорытындыға келдім. Бас ми жарақатының бірінші симптомы – есінен тану", – деді нейрохирург. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан 3 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Полиция мәліметінше, 47-бағыттағы автобустың жолаушысы жүргізуші әйелді ұрған, жүргізуші есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Полиция автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. 

Талқылау